Су спорты түрлерінен Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында әртістік жүзу сайыстары бойынша 5 қазанда Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
olympic.kz хабарлауы бойынша жарыс әлі жалғасуда.
Командалық сайыста (техникалық бағдарлама) отандастарымыз бірінші орынға ие болды.
Аралас жұптар арасында (техникалық бағдарлама) Эдуард Ким мен Карина Магрупова күмістен алқа тақты.
Ал жұптар арасында өткен сайыста (техникалық бағдарлама) Арина Пушкина мен Ясмин Тұяқова қола медальға қол жеткізді.