АрселорМитталдың мемлекетке өтуі: Өтемақы уақытында төленеді

28 Қазан 2023, 19:04
749
Бөлісу:
АрселорМитталдың мемлекетке өтуі: Өтемақы уақытында төленеді
Фото: архив

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев әлеуметтік желіде тарап жатқан қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде меншік иелерінің ауысуы қаза тапқан кеншілердің туыстарына төленетін барлық төлем мен өтемақының күшін жояды деген ақпарат тараған болатын.

Бұл бәріміз үшін орны толмас қаза. Қаза болғандардың туыстарына көңіл айтамын. Мемлекет басшысы қаза болғандардың туыстары мен зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде бірқатар тапсырма берді. Барлық әлеуметтік міндеттеме орындалады. Мен меншік иелерінің ауысуы кеншілердің туыстарына төленетін барлық төлем мен өтемақының күшін жояды деген қауесет пен болжамды жоққа шығарғым келеді, - деп айтты облыс басшысы брифингте.

Сондай-ақ әкім Костенко атындағы шахтада кеншілерді іздеуді жеделдететін жүйе жоқ екенін айтты. Әкімнің сөзінше, Костенко атындағы шахтада соңғы рет былтыр тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 212 заң бұзушылық анықталған.

Өзгелердің жаңалығы