«АрселорМиттал Теміртауды» Үкіметке қайтару рәсімдері аяқталуға жақын

31 Қазан 2023, 10:27
870
Бөлісу:
«АрселорМиттал Теміртауды» Үкіметке қайтару рәсімдері  аяқталуға жақын
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Премьер  "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын  Қазақстанның пайдасына беру рәсімдері  аяқталу сатысында екенін атап өтті.

Комиссия   апаттың себептерін жан-жақты тексеріп,   оған кінәлі адамдарды   анықтау жұмыстарын жалғастырады.

Қарағанды облысының әкімдігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі апатты жою жөнінде   шаралар қабылдауға тиіс.

Ең бастысы – қаза тапқандардың отбасыларына   барлық көмекті көрсетіп,   зардап шеккендердің денсаулықтарын   қалпына келтіру. Осындай қиын жағдайда   ешкім де назардан тыс қалмайды, – деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы