Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның иесі ауысуы мүмкін екені жайлы әңгімеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер әкімдік өкілінен «АрселорМиттал Теміртау» иелігін өзгерту мәселесі қарастырылып жатыр ма?» деп сұрады.
Таралып жатқан көптеген қауесет, әңгіме апта сайын өзгеріп отырады. Қазіргі уақытта компания жұмысын жалғастырып жатыр. Кәсіпорынның техникалық-экономикалық жағдайында көптеген мәселе бар. Бірақ басқаларын, менің ойымша, біз күтуіміз керек. Бәрі компанияның қалай жұмыс істейтініне, қандай шешімдер қабылданатынына байланысты болады, - деп айтты Вадим Басин брифингте.
Бұған дейін БАҚ беттерінде «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының орнына ресейлік «Северсталь» компаниясының келетіні туралы мәлімет тараған болатын.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қатысты қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты пікір білдіргенін еске сала кетейік.