«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тағы бір адам көз жұмды

6 Қараша 2022, 15:27
1058
Бөлісу:
«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тағы бір адам көз жұмды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ қарасты «Қазақстан» шахтасынан қызметкердің денесі табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, ер адамның денесі бүгін шахта аумағынан табылған.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасының аумағында көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде жұмыс істейтін қызметкердің денесі табылды. Оқиға болған кезде жұмыскер қызметтік міндеттерін атқармаған, - деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ішкі істер органдары қайғылы жағдайдың мән-жайын тергеп жатыр.

Еске сала кетейік, 3 қарашада дәл осы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментіне тиесілі Ленин атындағы шахтада апат болды. Апаттан 5 кенші көз жұмды. Кеше марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салды.

Өзгелердің жаңалығы