Тексеру қорытындысы. Теміртаудағы апаттың неден болғаны анықталды

10 Қаңтар 2019, 11:49
2903
Бөлісу:
Тексеру қорытындысы. Теміртаудағы апаттың неден болғаны анықталды

Астана, baq.kz. 2018 жылдың 10 қарашасы күні 19 сағат 38 минутта «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-да апат салдарынан топтық жазатайым оқиға болған еді.

Апат салдарынан оттегі цехының ауа бөлу өнімдерінің технологиялық құбырлары бұзылды. Төрт адам зардап шекті. Болған апатты тергеп, тексеру және жазатайым оқиғаның себептерін анықтау үшін Қарағанды облысы бойынша Еңбек инспекциясының 2018 жылғы 12 қарашадағы № 205 бұйрығымен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өкілінің төрағалығымен комиссия құрылды.

Комиссия ҚР Еңбек кодексінің 189-бабының 1-тармағына және 190-бабының 10-тармағына сәйкес арнайы тексеру жүргізді және ұсынылған материалдар, куәгерлер мен қатысы бар адамдардан сұрақ-жауап негізінде сараптамалық кіші комиссияның қорытындыларымен танысып, төмендегілерді белгіледі:

Технологиялық құбырлардың бұзылуына мынадай себептер болды:

1. 06.11.2018ж. бастап апатқа дейін жоғары қысымды оттегі және жоғары қысымды азот құбыр жолдарындағы шығыс пен қысым шамаларының үлкен деңгейде ауытқуына байланысты құбыр жолдарына едәуір динамикалық салмақ түскен, соның салдарынан 09Г2С болаттың орнына 20 МС 1050-84 болаттан жасалған және 126к және 127к тіреуіштерінің арасында 2003 жылы орнатылған диаметрі 720 мм жоғары қысымды оттегі құбыр жолдарының тік сызықты учаскесімен 90º бұрышы тармақтың дәнекерленген жері үзілді.

2. «Линде Қазақстан» ЖШС блоктарынан ауаны бөлу өнімдерін беруді дер кезінде сөндірмеу бұл апаттың таралуына және бұзылу көлемінің үлкеюіне әсер етті.

Комиссия «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және кәсіпорынның бірқатар лауазымды тұлғалары орын алған аварияға жүз пайыз кінәлі деген қорытындыға келді.

Жұмыс нәтижелері бойынша комиссия болған апаттың себептерін жою және болашақта осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау үшін 15 іс-шара әзірледі. Бұл іс-шаралардың орындалуын бақылауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын болады.

Өзгелердің жаңалығы