Арқалықтағы су айдындарының бірінен қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Су айдынынан зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған қыздың мәйіті табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдарын жүргізуде.
Сондай-ақ полиция тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды.
Тергеу нәтижесі бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі.
Бұған дейін Қарағандыда жатақхананың 5-қабатынан құлаған шетелдік студент мерт болғанын хабарлаған болатынбыз.