Арнайы прокурорлар лаңкестік туралы 181 қылмыстық істі тергеп жатыр – Қилымжанов

16 Ақпан 2022, 20:36
2197
Бөлісу:
Арнайы прокурорлар лаңкестік туралы 181 қылмыстық істі тергеп жатыр – Қилымжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Барлығы 3096 сотқа дейінгі тергеп-тексерулер тіркелді. Олар: меншікке қарсы, бұзақылық және қаруды жымқыру қылмыстары. Арнайы прокурорлардың басқаруымен ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздік және лаңкестік актілер бойынша 181 қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық кодекс бойынша азаматтарға күш қолдану мен бизнес нысандарын, билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсетуге ұласады. Алайда жекелеген тұлғалардың әрекеті халық арасында үрей туғызып, мемлекеттік ғимараттарға мемқызметті тоқтату үшін әрекет етті, - деді ол. 

Қилымжанов атап өткендей, осындай іс-әрекеттер ҚҚ-ның 255 бабы ретінде лаңкестік акт ретінде қаралады. 

Құқық қорғау органдарының ғимаратын басып алудың негізгі мақсаты – атыс қаруын иемдену. Мысалы, Алматы облысының полиция департаментінен 53 автомат, 23 мың патрон ұрланған, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы