Арнайы мемлекеттік ұйым Жайлы мектептерді де басқаруы керек – Аймағамбетов

5 Қыркүйек 2024, 14:42
561
Бөлісу:
Арнайы мемлекеттік ұйым Жайлы мектептерді де басқаруы керек – Аймағамбетов
Фото: Арман Мухатов -архив

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желі арқылы ақпарат бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент жолдауында Жайлы мектептерді басқаратын арнайы басқару жүйесін құру туралы тапсырма берілді. Бұл қазіргі жағдайда өте қажет шешім. Мұндай тәжірибе білім саласында бұрыннан бар және өзін жақсы жағынан көрсетті.

Мысалы, Назарбаев зияткерлік мектептерін басқаратын "НЗМ басқармасы" және Білім инновациялары мектептерін басқаратын “Білім Орда” қоры бар. Олар тиімді жұмыс атқаруда.

Енді осындай жүйе бойынша арнайы мемлекеттік ұйым Жайлы мектептерді де басқаруы керек. Ол әдістемелік көмек көрсетіп, ұстаздармен жұмыс істеп, бағалау мен зерттеу жұмыстарын жүргізер еді.

Біз биыл заңға осы мақсатта желілік мектептер туралы ұғым енгіздік және бұл жұмысты заңдастыру бойынша біршама норма қабылдадық. Бірақ, басқаратын орталық мемлекеттік болуы тиіс.

Кезінде, 2019 жылдан бастап, өңірлерде ашылған 50-ден астам IT лицейлер мен 20-дан астам гуманитарлық бағыттағы Абай мектептерін арнайы орталық арқылы басқару бойынша жұмысты бастадық, бірақ соңына дейін жеткізіп үлгермедім.

Бұл шешім олардың жұмысын біріздендіріп, бағалау мен сапаны қамтамасыз ету, сондай-ақ бағдарламалар мен әдістемелік қолдау көрсету үшін тиімді болар еді.

Өзгелердің жаңалығы