Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептердегі қауіпсіздік мәселесі қалай шешілетінін айтты.
Білім беру объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысының берген тапсырмасының аясында кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазан қаласында болған оқиғаның салдары зерделенді. Бұл талдау Қазан қаласының мектебінде оқушылар мен мұғалімдердің осындай қауіпті жағдайда қажетті іс-әрекеттерді білуінің арқасында дабыл түймелері мен арнайы күзетпен қамтамасыз етілгендері арқасында залал минималды деңгейде болғанын көрсетеді, - деді бас ұстаз.
Министр атап өткендей, халықаралық тәжірибеде бейнекамералармен, дабыл түймелерімен қамтамасыз ету, төтенше жағдайға қарсы әрекет етудің нақты алгоритмін енгізу, арнайы күзет және педагогтер мен оқушыларды даярлау қажеттігін көрсетіп отыр.
Осыған орай, өткен оқиғалардың талдауларына және халықаралық стандарттарға сүйене отырып, арнайы нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. Соның ішінде терроризмге қарсы тұру үшін қойылатын талаптар, білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету стандарттары және білім беру ұйымдарында тыйым салынған заттар тізбесі сияқты талаптар бекітілді, - деп түсіндірді Аймағамбетов Үкіметте.