Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді үй жағдайында кім ала алады?

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
15 Шілде 2025, 18:05
463
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Қазақстанда әлеуметтік осал топтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер үй жағдайында көрсетіледі. Бұл қызметтер "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер стандартына" сәйкес жүзеге асырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл стандартқа сәйкес, үйде көрсетілетін кешенді көмек мына азаматтарға арналған:

- Психоневрологиялық ауытқулары бар, 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;

- Тірек-қимыл аппараты бұзылған, 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

- Психоневрологиялық аурулары бар, 18 жастан асқан мүгедектігі бар азаматтар;

- І және ІІ топтағы мүгедектер;

- Жасы келгендіктен өз-өзіне күтім жасауға мүмкіндігі жоқ адамдар.

Кешенді қызмет құрамына медициналық, психологиялық және тұрмыстық қолдау кіреді. Бұл көмек алушылардың өздігінен өмір сүру қабілетін арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы