Жұма күніне арналған ауа райы болжамы

31 Қаңтар 2020, 08:12
1768
Бөлісу:
Жұма күніне арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 қаңтар күні Қазақстанның барлық дерлік аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Соған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың тек батысы атмосфералық фронттардың әсерінде болатындықтан жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыста және солтүстік-батыста желдің күшеюі және жаяу бұрқасын сақталады.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің жекелеген өңірлерінде тұман сақталады.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с екпіндегі жел және жаяу бұрқасын болжанады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында желдің күші 18 м/с артатыны күтіледі.
Өзгелердің жаңалығы