Армия спортшысы Alash Pride лигасының тарихындағы алғашқы әйел чемпион атанды

22 Қыркүйек 2024, 20:16
299
Бөлісу:
Армия спортшысы Alash Pride лигасының тарихындағы алғашқы әйел чемпион атанды
Фото: gov.kz

Ақтөбеде Alash Pride FC 100 мерейтойлық жүзінші турнирі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрлігі Армия Орталық спорт клубының спортшысы капитан Зәмзәгүл Файзолланова өзбекстандық Ходжонисо Комолдинованы мерзімінен бұрын жеңіп, Alash Pride лигасының тарихындағы алғашқы әйел чемпион атанды.

Айта кету керек, спортшы ММА-да екі жылдық үзілістен кейін 77 кг салмақта өнер көрсетті.

Мен өз күшіме сенімді болдым. Бұл турнирге де тек жеңіске жету үшін келдім. Менің мақсатым - алғашқы әйел чемпион болу еді. Ол арманым орындалды. Армия Орталық спорт клубына маған қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын, - деді Зәмзәгүл Файзолланова.

Өзгелердің жаңалығы