АрМИ-2020 жарысында қазақстандық танкішілер екінші орын алды

26 Тамыз 2020, 03:14
1325
Бөлісу:
АрМИ-2020 жарысында қазақстандық танкішілер екінші орын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның танк экипажы Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан командаларына қарсы тартысты күресте ресейлік әріптестеріне ғана жол берді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Қазақстандық танкішілер сайыста Т-72Б3 танкісімен өнер көрсетіп, екінші орынды иеленді, - деп жазылған министрлік ақпаратында.
Жеке жарыстар 26 және 27 тамыз күндері де өтетін болады. Бұл күндері жартылай финалға шығу үшін қалған екі қазақстандық экипаж тартысты шайқасты жалғастырады. Біздің команданың ағымдағы нәтижелерді жақсартып, жүлделі орындарға қол жеткізуге барлық мүмкіндіктері бар.

Еске сала кетсек, қазақстандық танк экипажы 2020 жылдағы Армия халықаралық ойындарының "Танк биатлоны" сайысына қатысады.

Өзгелердің жаңалығы