Арменияның шығармашылық технологиялар тәжірибесін үйренуге болады – министр

26 Шілде 2022, 15:05
1267
Бөлісу:
Арменияның шығармашылық технологиялар тәжірибесін үйренуге болады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жазды.

Арменияның Қазақстандағы елшісі Армен Гевондянмен кездестім. Біз кадрлар даярлау және ғылыми зерттеулер саласында армян-қазақ ынтымақтастығын кеңейту туралы келістік. Арменияның жастарды шығармашылық технологияларға үйретудегі тәжірибесін бізге де үйренуге болады, - деп жазды министр.

Қыркүйек айында Арменияда ғылым мен өнердің «STARMUS FESTIVAL VI. Марста 50 жыл» атты халықаралық фестивалі өтеді.

Айта кетерлігі, фестивальға әлемге әйгілі ғалымдар, инженерлер мен ғарышкерлер ғана емес, әлемдік музыка мен өнер жұлдыздары да қатысады. Бұл – бірлесіп білім беру мен мәдени бастамаларды жүзеге асыру адами капиталды дамытуға қалай ықпал ететінінің жарқын белгісі, - деді Саясат Нұрбек.

Өзгелердің жаңалығы