Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың 1 маусымынан 1 қыркүйегіне дейін тек Армениядан келген көліктерді уақытша есепке қоюға мүмкіндік бар. Бұл науқанға одақтас мемлекеттен 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстан аумағына кірген көліктер қатыса алады деп хабарлайды kolesa.kz.
Құжатта уақытша тіркеудің мерзімі көрсетілмеген, сондықтан 18-аймаққа тиесілі сары нөмірдегі көлікті әбден тозғанша (көлік иесі оны бастапқы тіркеу не ел аумағынан шығару жөнінде шешім қабылдағанша) мінуге болады. Бірақ машинаны Қазақстанда сата алмайсыз.
Уақытша тіркелген армениялық машиналарға Қазақстанда да, Арменияда да салық төленеді. Техникалық тексерістен Қазақстанда өтуі керек. Ал автокөлікті тұрақты тіркеуді ұйғарсаңыз, утилизациялық төлем (автокөліктің көлеміне байланысты) мен кедендік айырманы төлеуге тура келеді.