Министр Армениядан жеткізілген көліктерге қатысты пікір білдірді

12 Маусым 2020, 16:26
1360
Бөлісу:
Министр Армениядан жеткізілген көліктерге қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халық алдында берген есептік кездесуінде Армениядан жеткізілген көліктерге қатысты пікір білдірді. 

1 ақпанға дейін жеткізілген көліктерге қатысты шешім бар. Оған қатысты Үкімет қаулысы бойынша шешім қабылданды. Олар уақытша тіркеуге тұрып, "сары" нөмірге ие болады. Оған қоса, көліктік салық төлейді. Қаржы министрлігі бұл үрдісті бақылауда ұстайды, - деді ол. 

Сондай-ақ, министр 1 ақпаннан кейін елге жеткізілген көліктердің жағдайы қалай болатынын атап өтті.

Әрине, олар заңнамаға сәйкес қалдықтарды өңдеу жинағы мен кедендік баж салығын толғымен төлеуі керек. Сондай-ақ, салықтық міндеттер армениялық тараптан да туындауы мүмкін. Біздің аймақта жүретін көліктерге жүргізушілер салықты бізге төлеуі бойынша олармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, - деді Қаржы министрі.

Оған қоса, министр есептік кездесуінде экспорт және импорт бойынша барлық операцияға қолжеткізудің бірыңғай нүктесі ретінде "бір терезе" ақпараттық жүйесі енгізілгенін айтты.

Бұл портал кеден операцияларын жасау кезінде ақпарат алу үшін 13-тен астам ақпараттық ресурсты біріктірді. Қосымша 11 ақпараттық жүйемен интеграциялау көзделген, - деді Жамаубаев.
Бұған дейін министр есептік кездесу барысында еліміздің барлық өңірі ойын мекемелерінен тазартылғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы