Армениядағы парламент сайлауына 22 партия мен төрт блок қатысады

8 Маусым 2021, 16:46
1130
Бөлісу:
Армениядағы парламент сайлауына  22 партия мен төрт блок қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 маусымда Арменияда парламент сайлауы өтеді, деп жазды mir24.tv.

Сайлау коронавирус пандемиясы жағдайында өтетіндіктен санитарлық талаптарды сақтау қадағаланатын болады.
12 күн қалған парламент сайлауына қатысатын 22 партия мен төрт блок сайлауалды бағдарламаларын насихаттау жұмыстарын жүргізуде. 

Елде жаңа партиялар да тіркелді. Олардың қатарында Армения адвокаттары палатасының басшысы Ара Зограбян құрған «Зартонк» – «Пробуждение» партиясы бар. Олар үгіт жұмыстарын шіркеуден бастады. Партияның негізгі ұстанымы ұлттық христиандық құндылықтарды жандандыру. 

Сонымен қатар сайлауалды науқанға Армян ұлттық конгресі де қатысуда. Оны елдің бірінші президенті Левон Тер-Петросян басқарады. Партия жеңіске жетсе, парламенттік басқаруды жартылай президенттікке ауыстырмақ. 

10 маусымға дейін сайлауалды компаниясына қатысушылар алдағы науқанға қатысудан бас тарту жөнінде арыз жаза алады. Алайда әзірге ондай ниет танытушылар жоқ.

Өзгелердің жаңалығы