Армения жұқпалы емес аурулармен күресте Қазақстан тәжірибесіне сүйенбек

29 Қараша 2019, 14:21
3224
Бөлісу:
Армения жұқпалы емес аурулармен күресте Қазақстан тәжірибесіне сүйенбек

Алматы, BAQ.KZ. Армения астанасы, Ереван қаласында жұқпалы емес аурулардан болатын зиянды азайту тұжырымдамасына арналған "HarmReduction" халықаралық конференциясы өтті.

Конференцияны Армения Республикасының белді оқу орындарының бірі Мхитара Гераци атындағы Ереван мемлекеттік медициналық университеті ұйымдастырды.

Зиянды төмендету тұжырымдамасы-бұл адамның әртүрлі мінез-құлқына байланысты жағымсыз әлеуметтік және физикалық салдарды азайтуға бағытталған қоғамдық денсаулық сақтау стратегиясы.

Қазақстанның тәжірибесімен бөлісуге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы жұқпалы емес аурулардың қауіп-қатер факторларын төмендету бойынша жұмыс тобының сарапшылары Бақыт Түменова мен Гүлнар Құрбанбаева шақырылды.
Арменияда зиянды азайту тұжырымдамасы алғаш рет талқыланды. Іс-шара барысында ауруға қарсы күрес мәселелері мен олардың шешімдерін қабылдау үшін мемлекеттік мекемелерді тарту мүмкіндігі талқыланды. Мемлекеттік шешімдерді қабылдау үшін маңызды аспектілердің бірі болып тұжырымдаманы іске асырудан келетін шығындар мен экономикалық тиімділікті есептеу болып табылатыны және ЖЕА пайда болу факторларының барлық тәуекелдері мен көздерін кешенді түрде қарау қажеттігі атап өтілді, , - дейді "Аман-саулық" ҚҚ президенті Бақыт Түменова.

ЖЕА-нан келетін зиянды азайту тұжырымдамасы Қазақстанда 2018 жылы қабылданған, онда жұқпалы емес аурулардың негізгі көздері алкоголь, темекі шегу, тамақтану, дене инерттілігі, нашақорлық және репродуктивті денсаулық деп анықталды. Тұжырымдама тұтынушыларға қоғамда интеграцияланған болып қалуға мүмкіндік бере отырып, зиянды азайтуға, өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған және бұл ретте денсаулық сақтау шығындарын қысқартуға қабілетті.
Конференция қатысшулары Қазақстанда "Аман-саулық" қоғамдық қоры бастаған және басқа ұйымдармен, қоғамдық сарапшылармен және мемлекеттік мекеме өкілдерімен бірге өткізілетін ЖЕА-мен күрес жөніндегі жұмыс нәтижелі екенін мойындады. Армения тарапынан Қазақстанмен қатар осы жобаның қатысушысы болуға дайын екендіктері және интеграция қажеттілігі туралы ұсыныс та сөз болды. Мен Армениядағы зиянды азайту тұжырымдамасы бойынша жобаның табысты болуына барлық мүмкіндік бар екеніне сенімдімін, - деп атап өтті ҚР Үкіметі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның сараптамалық тобы жетекшісінің орынбасары Гүлнар Құрбанбаева.

Бүгінгі таңда ЖЕА Қазақстанда өлім-жітімнің 98,9% - на себеп болып отыр. Денсаулық сақтау бюджетінің 11% - ы осы санатқа жататын ауруларды емдеуге жұмсалады. ҚР ДСМ жанындағы ЖЕА-ның зиянды факторларын төмендету жөніндегі жұмыс тобының сарапшылары жүргізген зерттеуге сәйкес тұжырымдаманы іске асырудың жалпы экономикалық тиімділігі жұқпалы емес аурулармен күресудегі 4 негізгі көзіне (тамақтану, темекі шегу, алкоголь және нашақорлық) қатысты жыл сайын 38,71 млрд.теңгені құрауы мүмкін.
Өзгелердің жаңалығы