Армения президенті Мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқыды

16 Қазан 2024, 16:32
473
Бөлісу:
Армения президенті Мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқыды
Фото: Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметі

Армения Республикасының Президенті Ваагн Гарникович Хачатурян Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Армяндық «Бейбітшілік тірегі»: Оңтүстік Кавказдың ұлттық артықшылығы және тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Академияда Армения Президентіне прокторинг элементтері бар Admission (қабылдау комиссиясы) ақпараттық жүйесі және iCademium (LMS) жүйесі көрсетілді.

Ваагн Гарникович Хачатурян біліктіліті арттыру курстары тыңдаушыларының коммуникативтік дағдыларын арттыру мақсатында пайдаланылатын медиа-студияның мүмкіндіктерімен танысты. Сондай-ақ Президентке үздіксіз білім беру платформасы және қашықтан оқыту курстарын жазуға арналған JALINGA бейнестудиясы көрсетілді.

Ваагн Гарникович Хачатурян өз сөзінде Қазақстан мен Армения арасындағы Достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл толғанын атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы достық қарым-қатынас ұзақ жылға жалғасатынына сенім білдірді.

Армения президенті Мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқыды

Академия білім алушылары ақпаратты бірінші басшыдан алғаны маңызды. Бүгін тыңдаушыларға Арменияның геосаяси дамуы бойынша мағлұмат берілді. Президент Хачатурян өз сөзінде ел дамуының маңызды аспектілері: сауда қатынасының дамуы, логистика және халықаралық байланыстың дамуы мәселелеріне тоқталды, – деді Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл.

Академияның Дипломатия институтының магистранты кездесуден алған әсерімен бөлісті.

Армения Президентімен кездесу Дипломатия институтының магистранттары үшін өте қызықты боды. Армения экономикасының, көлік-логистика саласының, ауыл шаруашылығының дамуы туралы біраз ақпарат алдық, макроэнокимикалық көрсеткіштерімен таныстық. Бұл ерекше сипатқа ие кездесу болды. Президенттің Академияға келіп, бізге дәріс оқуы – өзі атқандай ең бастысы, білімге назар аударатынын білдіреді, – деді Темірлан Сайлауұлы.

Президенттің дәрісіне Арменияның ресми делегациясы, оның ішінде Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі, Армения Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, «Армения-Қазақстан» парламентаралық достық тобының жетекшісі, Президент аппараты және БАҚ өкілдері, ҚР Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, магистранттар, докторанттар, сондай-ақ Академия қызметкерлері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы