Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Дикий Арман лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды.
3 маусымда Алматының ауданаралық тергеу соты тергеудің өтінішін қарап, қамауға алу мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты, – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 7 қаңтарда Алматыда Дикий Арман есімді қылмыс әлемінің белсендісі ұсталған еді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Арман Жұмагелдиевпен бірге оның тобының бес мүшесі де ұсталғанын хабарлаған.