Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Арман Кәрімұлы Өтеғұлов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Арман Өтеғұлов 1964 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринариялық институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетін, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін тәмамдаған.
Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы Ақкөл кеңшарында аға, бас мал дәрігері, Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданында «Талдыапан» өндірістік кооперативінің директоры, Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе және Теректі аудандарының әкімі, Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2018 жылы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалған.