Арктикадағы мұздықтар еріп жатыр

13 Тамыз 2022, 16:36
3827
Бөлісу:
Арктикадағы мұздықтар еріп жатыр

Соңғы 40 жылда Арктикадағы ауа температурасының жылынуы әлемнің басқа өңірлеріне қарағанда 4 есеге жылдам  болды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Бұл жаһандық климаттың өзгеруінің тағы бір белгісі дейді мамандар.  Ғалымдардың зерттеуіне сай аймақтағы қазіргі жағдай полярлық мұздықтардың еруі жайында жасалған болжамдардан әлде қайда күрделі. 

Бүгінде мұздықтар Альпы тауларында да тез еріп жатыр.Онда соңғы 120 жылда температура 2 градусқа көтерілген екен. 
Мұздықтардың еруі қарқын алғандықтан Италия, Франция мен Швейцария билігі аймақтағы тау шаңғы курортты жерлерін жабуға мәжбүр болды.

Өзгелердің жаңалығы