Әріптесінің әмиянын ұрлаған елордалық азамат ұсталды

4 Тамыз 2022, 21:55
1371
Бөлісу:
Әріптесінің әмиянын ұрлаған елордалық азамат ұсталды

«Алматы» ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 45 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында ер адам сағат 19:00 шамасында  Қажымұқан көшесінде орналасқан кафенің жұмысшысының әмиянын ұрлағаны анықталды. Белгілі болғандай, күдікті өзі де сол дәмханада жұмыс істейді, сол себепті қызметкерлерге арналған бөлмеге еш кедергісіз кіріп, жәбірленушінің ілініп тұрған күртешесінің қалтасынан әмиянын жасырын ұрлап, 170 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы