ҚР МСМ "Орталық мемлекеттік архив" РММ-і Кеңес Одағының Батыры, жазушы Б. Момышұлының жеке қоры тағы да тың құжаттармен толыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының ардагері, даңқты панфиловшы, жазушы Б. Момышұлының қосымша құжаттарын ҚР ОМА Зейнеп Бауыржан келіні Ахметова тапсырды.
1951 жылы тұңғыш рет Б. Момышұлының өзі құжаттарын ҚР ОМА-не өз қолымен сый ретінде мемлекеттік сақтауға тапсырған. Батыр атамыздың архивке үздіксіз өткізген құжаттарының хронологиялық шеңбері 1927-1975 жылдарды қамтыды.
Бауыржан Момышұлы құжаттарының көп бөлігін аманат етіп З. Ахметоваға қалдырған екен. 2021 жылы ҚР ОМА-нің 100 жылдық мерейтойы кезінде «Бауыржан Момышұлы – Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының ардагері, даңқты панфиловшы, жазушы» атты фотоальбомның тұсаукесеріне қонақ ретінде келген З. Ахметова батыр атамыздың қосымша құжаттарын архивке тапсыратындығы жөнінде аманатын айтқан еді. Енді биыл соның сәті түсіп Б. Момышұлының қара шаңырағында 9-шы тамыздан бастап архивистер Г.Ш. Рахмет және К. Даут барып құжаттардың өткізу тізімдемесін жасау арқылы қабылдау жұмыстарын жүргізуде,-делінген хабарламада.