Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы тағайындалды

8 Қаңтар 2024, 19:41
679
Бөлісу:
Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Рустам Әли Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі мәлімдеді.

 Ол 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «Деловая неделя» газетінде тілші болып бастаған.

2006-2011 жылдары – «Деловая неделя» газетінде тілші, редактор, бас редактордың орынбасары.

2011-2012 жылдары – «Жетісу жастары» жастар орталығы» МКҚК директоры.

2012 жылы – Алматы облысы жастар саясаты орталығының директоры.

2012 жылы – Алматы облысы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі.

2012-2016 жылдары – Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы, басшысы.

2016-2020 жылдары Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2020-2021 жылдары – Алматы облысы әкімінің орынбасары.

2021-2022 жылдары – Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Жетісу облысы әкімінің орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы