Архимед Мұхамбетов тұрғындар уақытша тұрақтаған мектепке барды

4 Қыркүйек 2022, 16:43
944
Бөлісу:
Архимед Мұхамбетов  тұрғындар уақытша тұрақтаған мектепке барды

Қостанай облысы бойынша жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Қостанай облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Облыс әкімдігінің осы мақсатағы қорынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қаражат бөлінуде.

Бұл, ең алдымен,  қауіпсіз жерге көшірілген 1800 адамның алғашқы қажеттіліктеріне жұмсалмақ. Қазір аудан орталығы Әулиекөлдегі мектептерде 200-ге жуық адам тұрып жатыр. Бұл жерге көшірілген тұрғындардың көбі үйлеріне қайтып, қауіпсіздігін тексеруге кетіпті. Қалған бір бөлігі туыстарынан пана іздеуге мәжбүр болған. 

Қазіргі таңдағы деректер бойынша Аманқарағай ауылының тұрғындары өрттен айтарлықтай зардап шегіп отыр. Онда 98 үй толығымен жанып кеткен. Жалпы аудан бойынша 108 ғимаратқа зақым келген. 

Өрттен зардап шеккендердің жаңа үй салуға немесе өтемақы алуға мүмкіндігі бар. Үйлердің құрылысы қысқа мерзімде жүзеге асырылады. Қазір басты міндет - өртті толығымен ауыздықтау. Облыстағы ірі кәсіпорындар мен шағын бизнес саласының өкілдері мен басшылары зардап шеккендерге барлық жағынан көмектесуде. Жақын күндері жұртшылық барлық азамат қолдау көрсете алатын қор ашуды жоспарлап отыр, - облыс әкімі. 

Өзгелердің жаңалығы