Археолог сарматтар мен парсылар арасындағы алғашқы әскери қақтығысы қай кезде болғанын айтты

9 Ақпан 2022, 17:20
3146
Бөлісу:
Археолог сарматтар мен парсылар арасындағы алғашқы әскери қақтығысы қай кезде болғанын айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елдің батысында құрылған Сарматтар одағы мен парсылар арасындағы қақтығыс Кир құрып, кейін Дарий нығайтқан одақпен болды. Кейін Александр Македонский мен оның ұрпақтарымен болған шайқастармен жалғасты. Бұл – б.з.д. ІV ғ. болған оқиғалар.

Бұл туралы Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Арман Бисембаев Ақтөбе қаласындағы № 13 орта мектебінің оқушыларымен кездесу барысында айтты.

Археолог сарматтар мен парсылар арасындағы алғашқы әскери қақтығысы қай кезде болғанын айтты

Тарихи мұралар – сарқылмас рухани қазына, біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Осы мақсатта Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институтының мамандары оқушыларға арналған мәдени-танымдық кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ақтөбе облысы  Алға ауданының  Тасқопа қорғанында жүргізілген қазба жұмыстарында табылған «Алтын адам» туралы сұрақтар қойылды.

Ғалым еліміздің тарихи мәдени мұралары туралы мағлұмат берді және  археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған тарихи артефактілерді көрсетті. Оқушылар өздерінің туған жерінен табылған ежелгі заттар мен сақ және түркі кезеңдеріндегі жеке ескерткіштерге қызығушылық танытты.

Атап өтсек, археолог Арман Бисембаевтың жетекшілігімен жүргізілген қазба жұмыстары кезінде біздің дәуірге дейін V ғасырда өмір сүрген адамның сүйектері табылған. Қабірден табылған адамның киімі алтынмен жалатылған.  Ол өз сөзінде сол заманда қазақ жерін мекендеген ата-бабаларымыз өркениеттің жоғары деңгейінде өмір сүргенін айтты.

Б.з.д. І мыңжылдықтың ортасы мен екінші жартысында Қазақстанның батысында өте қуатты көшпелі сармат тайпалары одағы құрылды. Олар сыртқы саясатқа жақсы араласқан. Сарматтардың одағы мен парсылар арасындағы қақтығыс Кир құрып, кейін Дарий нығайтқан одақпен болды. Кейін Александр Македонский мен оның ұрпақтарымен болған шайқастармен жалғасты. Бұл – б.з.д. ІV ғ. болған оқиғалар. Кейін Батыс Қазақстанның сармат тайпалары сол кезде күшейіп келе жатқан Рим империясына қарсы соғысқа қатысты, - деді А. Бисембаев.

Археолог сарматтар мен парсылар арасындағы алғашқы әскери қақтығысы қай кезде болғанын айтты


 

Өзгелердің жаңалығы