Ардагерлер патриоттық челленджді жалғастырды

22 Қазан 2022, 14:16
1138
Бөлісу:
Ардагерлер патриоттық челленджді жалғастырды

Астана қаласында елордалық «Ардагерлер ұйымы», «Ақ кимешек киелім» белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ардагерлері, сол сияқты ақжаулықты аналарымыз жұртшылықты Республика күнімен құттықтап, патриоттық челленджді жалғастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республика күні араға көп жылдар салып халқымызға қайта оралған маңызды мерекелердің бірі де бірегейі.

Биыл Мемлекет басшысының жариялауымен 25 қазан Республика күні болып қайта белгіленіп, аталып өтіп жатыр. Осындай ұлттық мереке қарсаңында елордамыздың төрінде жұрт сүйсінерлік іс-шара өтті. Тәуелсіздікті ту еткен ақжаулықты аналарымыз, даналықтың бастауы ардагер ата-әжелеріміз Бәйтерек монументі алаңына жиналып, ҚР мемлекеттік әнұранын әуелете шырқады. Ашық аспан астында тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді жалынды, жігерлі үнмен жеткізе отырып, халқымызды Республика күнімен құттықтады.

Іс-шара соңында «Ақ кимешек – киелім» аналарының төрайымы, әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахымқызының ақ тілегімен түйінделді.

Айта кетейік, Астана қаласында Республика мерекесіне орай патриоттық челлендж бастау алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы