Қарбыздың пайдасы мен зияны

14 Тамыз 2019, 09:39
7756
Бөлісу:
Қарбыздың пайдасы мен зияны

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық үшін ерте піскен қарбыз емес, дұрыс жуылмаған қарбыз әлдеқайда қауіпті, деп жазды Украинаның денсаулық сақтау министрі Ульяна Супрун Facebook-тегі парақшасында, деп хабарлады korrespondent.net.

Оның айтуынша, жуылмаған қарбыз бетінде Salmonella және Listeria ішек инфекциялары өмір сүреді. Жол бойында немесе ет базары қасында сатылатын қарбызда оның көрсеткіші жоғары болады.

Сондықтан қолданар алдында қарбызды міндетті түрде жуу керек. Әйтпесе қауіпті бактериялар ішекке түсіп кетуі мүмкін дейді маман.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қанында калий мөлшері жоғары  адамдар қарбызға тым әуес болмау керектігін атап өтті. Өйткені бұл бұлшық еттің ауырсынуына немесе аритмияға әкелуі мүмкін.

"Қарбыздағы қант көлемі салыстырмалы түрде аз, десек те қарбыздың бір литрінде 60 грамм қант бар. Сондықтан бұл жемісті көп мөлшерде тұтыну да зиян. Өйткені ол айтарлықтай гликемиялық жүктемеге алып келеді. Ең дұрысы қарбызды талшыққа бай, басқа да өсімдік тағамдарымен бірге жеген дұрыс. Бұл қандағы глюкозаның бірден көтеріп кетуіне жол бермейді", - деді Супрун.

Ол сондай-ақ қарбыз дәнінің құрамында көптеген пайдалы заттармен қоса, оксал қышқылы және трипсин тежегіштері сияқты антинутриенттер барын ескертеді. Дәнді кептіріп немесе қуырып жеген дұрыс дейді маман.

Өзгелердің жаңалығы