Әрбір әкім өңірдегі жолдар үшін тікелей жауапты – Смайылов

17 Мамыр 2022, 12:35
1233
Бөлісу:
Әрбір әкім өңірдегі жолдар үшін тікелей жауапты – Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елдегі жол саласында бірқатар проблемалық мәселелер бар. 

Оның ең негізгісі – жолдардың, әсіресе жергілікті жердегі жолдардың нашарлығы. Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша Қазақстан жол сапасы жағынан әлемде 93-орында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдардың нашар жағдайын бірнеше рет айтты. Әрбір әкім өңірдегі жолдардың жай-күйіне тікелей жауапты екенін атап өткім келеді, - деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Сонымен қатар аталған мәселелермен қоса, білікті кадрлар жетіспейді.

Жол-көлік инфрақұрылымын жобалау және салу кезінде жаңа құрылыс материалдары мен заманауи технологиялар аз қолданылады. Бұл жолдардың сапасы мен оларды жөндеу және салу мерзіміне де  әсер етеді.  Индустрия министрлігі  осы мәселелерді пысықтау қажет, - деді Әлихан Смайылов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет басшысы жол инфрақұрылымында халықаралық озық тәжірибені пайдаланғанымызды айтқан болатын. Соның аясында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысы бойынша жоба іске асырылды. 2 мың шақырымнан астам жол ақылы жүйеге көшті.

Өзгелердің жаңалығы