Арамшөппен күресу – басты талап

Арамшөппен күресу – басты талап

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. А.И. Бараев атындағы АШҒӨО, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясымен бірлесіп, семинар кеңес өткізді.

"Өсімдіктерді қорғау жүйесі: дәнді және майлы дақылдарды қашықтан мониторингтеуді пайдалана отырып, арамшөптермен күресу шараларын бақылау" тақырыбындағы семинарға ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс қатысты.

Сонымен қатар Ақмола облысының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, Республикалық "Фитосанитария" саласының мамандары, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан арнайы мамандар қатысты. Сонымен бірге, аталған өңірлердегі егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылық басшылары келді. 

Қазіргі таңда біз егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының жұмыстарын жіті бақылауда ұстауымыз керек. Алқаптарда арамшөппен бірге түрлі зиянкестер көбейіп жатыр. Оны біз жыл сайынға маниторнингі арқылы бақылап келеміз. Ал карантиндік арамшөптің еліміздің егіс алқаптарында молаюы – дабыл қағарлық жағдай. Себебі алқаптарда карантиндік арамшөп бар болса, астықты экспортқа шығару мүмкін болмай қалады. Сондықтан мемлекет тарапынан шаруаларды қолдауымыз керек,- дейді Алмабек Марсұлы. 

Семинарда карантиндік арамшөп саналатын жатаған укекіреге қарсы күрес іс-шаралары келушілердің назарына ұсынылды. Укекіре бұл мәдени өсімдіктердің, ең алдымен дәнді-дақылдардың қалыпты өсуіне және дамуына кедергі келтіретін зиянды өсімдік. Егістіктерде укекіре өссе, онда Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне орасан зор шығын келтірері сөзсіз. 

Арамшөппен күресу – басты талап

Бұл өсімдіктің атауы "ЖАТАҒА УКЕКІРЕ" деп аталады. Елемездің егіс алқаптарына тарап кету қаупі бар. Дер кезінде шара қолданып, уламасақ бұл өте тез таралып, алқаптарды алып кетеді. Егер шаруалар жатаған укекірені байқап жатса ол аумақты дереу қоршап ол жерге техника кіргізбеулері керек. Техника кіріп жерді өңдеп кеткен жағдайда жатаған укекіре барлық алқаптарға таралады. Содан кейін онымен күресу өте қиын. Сәйкесінше бұл жерден жиналған астық түкке жарамай қалады, - дейді А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының Бас агрономы Құрметбек Октябрь. 

Семинардың бірінші тәжірибелік бөлімі Шортанды ауданына қарасты Бозайғыр ауылдық округінің алқаптарында ұйымдастырылды. Екінші кезең тәжірибе алмасу ретінде А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының базасында өтті. Бұл жерде жиынға қатысушылар мен мамандар, шаруалар ғалымдардың ұсыныстарына, пікірлеріне назар аударып, зиянкестермен күресудің заманауи талаптары туралы кеңес алды. 

А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС Өсімдіктерді қорғау зертханасының аға ғылыми қызметкері Ерлан Өтелбаевтың «Карантиндік арамшөп – жатаған укекіренің биологиялық ерекшеліктері. Арамшөппен күресуге арналған агротехникалық және химиялық іс-шаралар» тақырыбындағы баяндама көпшіліктің көңілінен шықты. 

Карантиндік арамшөп – жатаған укекіремен күресу кешенді түрде жүргізілуі керек. Ол кәдімгі арамшөптер тәрізді бір рет тамырын кесіп тастау арқылы жойылмайды. Оның тамырының тереңдігі 10 метірге дейін кететіндіктен кесіп тастаған күннің өзінде қайта көктеп кетеді және келесі алқапқа таралады. Сондықтан жатаған укекірені тек кешенді түрде химиялық жолмен жою қажет, - дейді маман.

Бердібек Хабай

(Мақала редакцияның көзқарасын білдірмейді)

Бөлісу: