Қазір 413 мың гектарда орман мелиорациялау жұмыстары атқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Экология және табиғи ресурстар министрлігінің комитет төрағасы Данияр Тұрғамбаев айтты.
Арал теңізінің құрғаған табанында деградацияға ұшыраған жерлерді орман мелиорациялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыстарды 1,1 миллион га аумақта жасау жоспарланған, - деді ол.
2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін Арал тенізінің құрғаған ұлтанының аумағында 610 мың га аумақта орман мелиоративтік жұмыстар жүргізіліп, соның ішінде көктемгі жұмыстар 65 мың га аумақта орындалды.
Жыл сайын 3 миллион көшет шығаратын орман питомнигін салу жоспарланған, оның аумағы 33 га болады. Сонымен қатар Арал теңізінің құрғаған табанында питомник салу мәселесі, сондай-ақ «Арал орманы» мемлекеттік орман табиғат резерваты құру мәселесі қарастырылуда, - деді Данияр Тұрғамбаев.