Арал теңізін сақтауға арналған жобаның екінші кезеңі дайындалып жатыр

17 Шілде 2024, 21:09
550
Бөлісу:
Арал теңізін сақтауға арналған жобаның екінші кезеңі дайындалып жатыр
Фото: gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізін сақтау жөніндегі жобаның екінші кезеңіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесуде ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Дүниежүзілік Банктің гранты есебінен жоба бойынша қажетті құжаттама әзірленуде.

Жоба үш негізгі бағыттан тұрады. 

Біріншісі – Солтүстік Арал мен Сырдария өзенінің саласындағы инфрақұрылымды дамыту және гидрологиялық жағдайын жақсарту. 

Екіншісі – Қызылорда облысындағы тұрақты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайды қолдау. 

Үшіншісі – су ресурстарын басқарудың ақпараттық базасы мен жүйелерін жаңарту.

Жобаның бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Көкарал бөгеті салынды және Солтүстік Аралдағы су көлемі 27,1 млрд текше метрге жетті. Екінші кезең су ресурстарын басқаруды жақсартуға, балық шаруашылығы мен экотуризмді дамытуға, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және Солтүстік Арал теңізінде су жинақтаудың көлемі мен тиімділігін арттыруға арналған, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Өзгелердің жаңалығы