Қарағандының триатлон-саябағында алғашқы сайыстар өткізу жоспарлануда

13 Қыркүйек 2019, 03:12
1634
Бөлісу:
Қарағандының триатлон-саябағында алғашқы сайыстар өткізу жоспарлануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда қыркүйек айында жаңа спорт нысаны іске қосылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша салынып жатқан триатлон паркінің бірінші кезеңі аяқталуға жақын қалды.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіен хабарлағандай, бұл жекеменшік компанияның қалаға жасап отырған сыйлығы. Аталмыш нысанда 29 қыркүйекте барлық ниет білдірушілердің қатысуымен жарыстар өтеді деп жоспарланып отыр.

07499880015682887961209201936_800x600.jpg

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жаңа нысанда жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысты. Аймақ басшысын жаңа парк әлемдік стандарттарға қаншалықты сәйкес келетіні және бұл жерде халықаралық жарыстар өткізуге болатыны қызықтырды.

"Саябақ барлық стандарттарға сәйкес келеді. Біз осы спорт түрін жақсы көретіндер үшін веложолды кеңейттік. Жүгіру жолдары үшін біз тартан жабынын дайындадық. Жақында монтаждауға кірісеміз", - деді Eurasia Building ЖШС директоры Айдос Мұқатаев.

Жобаның бірінші бөлігі велосипед және жүгіру трассаларын, футбол алаңын, тренажер және street-workout алаңдарын қамтиды.

03092530015682887961209201936_800x600.jpg

Триатлон-паркінің ашылуына орай веложарыс, жүгіру, «Көңілді старт» сайыстары ұйымдастырылады. Сондай-ақ футболдан ересектер арасында жолдастық кездесу өтеді.

Сонымен қатар, «Триатлон паркін бірге жасаймыз!» атты ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылады. Көшеттер мен құрал-саймандарды құрылыс жүргізуші Eurasia Building компаниясы ұсынады.

Дегенмен триатлон-парк нысандарының құрылысы әлі де жалғасады. Болашақта мұнда жаңа спорт алаңдары, Олимпиадалық Даңқ аллеясы және шағын хайуанаттар бағы пайда болады.

Ерлан Қошанов сондай-ақ болашақ теннис орталығының құрылыс алаңында болып қайтты. Қарағанды теннис федерациясының өкілдері аймақ басшысына жобаның жүзеге асырылу барысы туралы айтып берді. Олардың айтуынша, бұл спорт нысаны Орталық Қазақстандағы ең үлкендердің бірі болады. Құрылысшылар жеті жабық және төрт аспан астындағы теннис кортын тұрғызады. Теннис орталығының жанында аумақ абаттандырылып, көлік тұрағы жабдықталатын болады.


Өзгелердің жаңалығы