Қарағандылықтар Балқаш көлінде мұз үстімен өтуге шақырады

22 Қаңтар 2020, 01:55
1957
Бөлісу:
Қарағандылықтар Балқаш көлінде мұз үстімен өтуге шақырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылықтар Балқаш көлімен мұз өткелінде жүріп өтуге шақырады. Бастамашылары осы акцияны өткен жылы ұйымдастырып, жыл сайын өтетін дәстүрлі шараға айналдырмақ, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.

Басты мақсат - қазақстандық қоғамның назарын Балқаш маңындағы экологиялық проблемаларға аудару және ішкі туризмді қолдау.

Іс-шара Байкал бойымен өткен қысқы көшуге ұқсас болды. Акцияға алғаш рет 50 белсенді қатысты. Олардың қатарында белгілі қоғам қайраткерлері Асылбек Қожахметов, Ажар Жандосова, журналист Сергей Пономарев, пианист Жәния Әубәкірова бар.

"Ұлы Балқаш шақырады!" мұз үстімен жүріп өтетін екінші жорық 14-15 ақпанда өтеді. Қатысушылар Приозерск қаласының "Балқаш" шипажайына жиналады.

Бағдарлама сондай-ақ "Форсайт-әңгімелесулер: адам және қоғам 2035" интеллектуалдық жаттығуын қамтиды. 21 ғасырдың экология, денсаулық және ұзақ өмір сүру, кәсіпкерлік тақырыптарына шеберлік сабақтар қарастырылған. Спикерлер: "Аралас жекпе-жек бойынша Қазақстанның біріккен федерациясы" РҚБ бас директоры Уәлихан Тен; МВА AlmaU бағдарламасының түлегі, "Таксистен миллионерге дейін" кітабының авторы, tenderbot.kz және taxi.kz порталдарының негізін қалаушы Тимур Құдайбергенов; журналист-эколог, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Сергей Пономарев.

Мұз өткеліне қатысу шарттарын мына сайттан көруге болады. 


Өзгелердің жаңалығы