Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 маусым күні сағат таңғы 6.17 шамасында Назарбаев даңғылындағы үйлердің бірінен денесінде бірнеше жерден пышақ жарақаты бар 28 жастағы азаматтың мәйіті табылды, деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Адам өлімі туралы хабарлама түсісімен ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Қарағанды қалалық ПБ патрульдік полиция нарядтарымен оқиға болған жерге жақын барлық ауданға тексеріс жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен ізін суытпай 28-29 жастағы қала тұрғындарын ұстады. Күдіктілер қылмыс жасағандықтарын мойындады, - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ерлан Файзуллин.
Бұл фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-тармағы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.