Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ведомстводан хабарлағандай, өткен жылдың желтоқсан айының 23 күні Теміржол полиция бөліміне қарасты аумақта орналасқан жер үйлердің бірінде өрт шығып жатқанын дер кезінде байқап қалған полиция қызметкерлері, полиция аға сержанты Сержан Талғатұлы Танатов пен полиция лейтенанты Асыл Маратұлы Жұманов дереу от шалған үйге қарай жүгіреді. Олар түтіннің қоюланғанын көріп, рация арқылы жедел кезекшіге өрт туралы хабарласып, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдемді шақыруды сұраған. Қайсар қызметкерлер көмек күтіп тұрмай, өрт шыққан үйдің қабырғасынан терезе торларын жұлып алып, әйнектерін сындырып кірген кезде тілсіз жау бүкіл үйді түгелімен қамтып үлгерген. Қою қара түтіннен тыныстары тартылып көздері жасаурап, олар түтінге тұншығып, есінен танып жатқан бір ер адам мен үш әйел адамдарды көтеріп алып шығады. Сонымен қатар, сақшылар үй ішіндегі газға толы балондардың қалғанын анықтап алып шығуға кіріседі. Егер олар сәл кешіксе балондар жарылып, көрші орналасқан үйлерді өрт шалып кетер еді. Тіпті адам өміріне қауіп келтіруі де мүмкін еді. Қайсар жүректі қызметкерлеріміздің жедел әркеттерінің арқасында бар болғаны жиырма минутта үй ішіндегі газға толы 3 балон сыртқа дер кезінде шығарылып, өрттің өршіп елге төнген қауіптің алды алынды.Сержан мен Асыл өртеніп жатқан үй ішіне кіріп, жеке бастарына төнген қауіптен қаймықпастан, үрей мен қорқынышты ысырып тастап адам өмірін құтқарып қалуға өздерінің өмірлері үшін қорықпай және олар сол кезде өздерін қиында жауапты қызмет иелері екендерін дәлелдеді. Қас қағым уақытта жасаған қайсар әрекеттерін полиция қызметкерлері ерлік деп ойламайды екен. Олар үшін бұл азаматтық борышы мен парызы. Сержан мен Асыл сыпайылық пен қарапайымдылық танытып, бұл атқарған қызметтерін өздерінің міндеттерінің бірі деп санайды.