Қарағандылық оқушылар оқулықпен толық қамтылды

7 Қыркүйек 2020, 22:19
1563
Бөлісу:
Қарағандылық оқушылар оқулықпен толық қамтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында 2020 жылы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 2,4 миллиардтан астам теңге бөлінді. Бұл қажеттілікті 100 пайыз өтейді.

Қаражат келесі оқулықтарды сатып алуға жұмсалды: 11-сыныпқа арналған жаңартылған мазмұндағы оқулықтар, 5, 6-сыныптарға арналған информатика, үштілділікке арналған оқулықтар, арнайы мектептер үшін 3, 6, 8 - сыныптарға арналған оқулықтар, электронды оқулықтар мен көркем әдебиеттер, тозған деңгейіне сәйкес 1-сыныпқа және басқа сыныптарға арналған оқулықтар.

2020 жылдың 25 тамызында оқулықтарды баспалардан облысқа жеткізу процесі аяқталды.

Бүгінгі күні облыстық білім басқармасы мен бөлімдері 1-11 сыныптардың әр оқушысын 100% қамтамасыз ету үшін оқулықтар жиынтығын жеткілікті мөлшерде сатып алды.

20 шілдеден бастап оқулық тарату процесі облыстық білім басқармасы бекіткен кестеге сәйкес жүргізілді.

Таратылым толық көлемде жүзеге асырылды.

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің электрондық нұсқалары pdf форматында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналастырылған және жүктеу үшін қолжетімді.

Өзгелердің жаңалығы