Қарағандыдағы өлкетану мұражайында әйелдер орамалының көрмесі өтті

6 Наурыз 2019, 10:14
3068
Бөлісу:
Қарағандыдағы өлкетану мұражайында әйелдер орамалының көрмесі өтті

Астана, BAQ.KZ. 8-наурыз мерекесі қарсаңында өлкетану мұражайында "Әйел орамалының поэзиясы" шарасы өтті. Мұнда бас киімдер көрмесі, модельдер көрсетілімі және стилистерден шеберлік-сыныптары ұйымдастырылды. 

"Жаулық - көне заманнан барлық ұлттарда негізгі бас киім болып саналады. Көрмеге біз мұражай қорынан жәдігерлер және жеке заттар қойдық. Оларды бізге қаламыздың тұрғындары әкелген. Экспозицияда өте қызықты жаулықтар бар. Мысалы, оренбургтік қысқы түбіт орамал. Ол үлкен болып көрінгенмен, өте жеңіл. Сонымен қатар мұнда кеңес кезеңіндегі, 60-70 жылдардағы бөкебайлар бар. Біздің музейіміздің қызметкері өзінің жаулықтар топтамасын ұсынды. Көрме мерекеге орайластырылған. Музейде 8-наурызға дейін жалғасады", - дейді Экскурсиялық-бұқаралық бөлім меңгерушісі Зәуреш Тебаева. 

Ұйымдастырушылар мұндай шаралар жастардың мәдениетке, дәстүрлерге, Қазақстан халықтарының ұлттық киім тарихына деген құрметін қалыптастырады деп сенеді. 

Сонымен қатар көрермендер "Барлық жаңа – ол жақсы ұмытылған ескі" тақырыбында модельдердің көрсетілімін тамашалады. Қарағанды сән және технология колледждерінің студенттері қазақ ұлтының киімдері мен бас киімдерін көрсетті. 
Ал, сервис колледжінің студенттері шәлі мен жаулықтарды қалай әдемі байлауға болатынын көрсетті. 

"Қыздар орамалды заман сәніне сай таға алады. Бұл қазір өте өзекті – палантиндерді, орамалдарды, бөкебайларды барлығы қолданады. Біз осыларды күнделікті киіммен қалай жарастырып киюге болатынын көрсетеміз", - дейді қыздар.

 


Өзгелердің жаңалығы