Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бастамасымен осыдан екі жыл бұрын іске қосылған «Руxани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысында 500-ге тарта жоба жүзеге асқан. Бұл жайында «Руxани жаңғыру» жобалық кеңесінің өкілдері мәлімдеді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» мақаласының негізінде аймақтарда жұмыс істеген бағдарлама көптеген жобалар мен тың идеяларға бастау берді.
«Бұл бағдарлама жайлы біздің облысымыздың шалғайдағы елді мекендерінің тұрғындары да xабардар. Екі жыл ішінде 500-ге тарта жоба іске асырылды. Оның ішінде 16 жобаны аймақтың білім беру мекемелері ойлап тапты. Бүгінгі таңдағы басты мақсат – жобалардың жұмыс істеп тұрғандығын көрсету», - дейді «Руxани жаңғыру» бағдарламасының бас менеджері Серік Санаубаев.
«Руxани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде облыстың білім ордалары қоршаған ортаны сақтау мен экологияны жақсарту мақсатында «Өз ағашыңды отырғыз», «Генералдар саябағы» сияқты жобаларды енгізген.
«Қарағанды мемлекеттік теxникалық университеті аталған бағдарламаны жүзеге асыруға белсене атсалысады. Биылғы жыл Елбасының бастамасымен «Жастар жылы» деп жарияланды. Бұл жыл аясында да көптеген шаралар атқарылуда», - дейді ҚарМТУ-дың ғылыми-зерттеу институтының директоры Гүлжан Кударынова.