Қарағандыда румын киносының фестивалі өтеді

1 Қараша 2019, 08:49
1636
Бөлісу:
Қарағандыда румын киносының фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Румыния киносының фестивалі 5 қарашада Қарағанды қаласында өтеді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Көрермендерге румын режиссерлерінің төрт фильмі көрсетіледі: "Обезглавленный петух", "Восточный экспресс", "Выходим на первой" және "После только тишина". 

"Обезглавленный петух" - режиссер Раду Габряның драмасы. Кинолента 1944 жылдың 23 тамызы, Румыния Корольдігі Германиямен көп жылдық саяси байланысты тоқтатқан күннен басталады. Көрермен аталмыш оқиғаны 16 жасар жасөспірім Феликс Гольдшмидттің көзімен көреді. Картинаның әлемдік тұсаукесері 2017 жылы өтті.

Режиссёр Серджиу Николанскудің "Восточный экспресс" картинасы 2004 жылы шықты. Ол екі әлемдік соғыстар арасындағы кезеңде Румыниядағы қамалдардың бірінде жасырынуды шешкен қарт князь Андрей Морудзидің өмірі туралы баяндайды. Князьдің нақты мәнерлері мен ерекше өмір салты жақын арада князьдің иелігіне жақын тұратын румын шаруаларының мінез-құлқына әсер ете бастайды. Сюжетке Андрейдің темір жол станциясы бастығының жас қызына ғашық болуы ерекше көрініс сыйлайды. Көрермендер режиссердің бұл жұмысын жоғары бағалады.

"Выходим на первой" - режиссер Тудор Некулдың драмасы. Оқиға желісі 2015 жылдың 31 қазанында таңертең станциялар арасында тұрып қалған метро вагонында орын алады. Жақында Colectiv түнгі клубында Бухарестте 64 адам өмірін қиған қорқынышты өрт орын алды, тағы 186 адам жарақат алды. Бұл оқиға Румыниядағы жаппай толқуларға себеп болды – алаңдардағы топ үкіметтің отставкасын талап етті. Бірақ жер астында қамауда қалып қойған кинокартинаның кейіпкерлері бұл туралы ештеңе білмеген.

"После только тишина" комедиялық драмасы Түрік бодандығынан босағанына 35 жыл толуына орай 1911 жылы "Тәуелсіз Румыния" тарихи лентасын түсірген румын кинематографиясының "пионерлері" туралы әңгімелейді.

Румыния киносы күніне Қарағанды қаласына Румын елінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чезаре Армян келеді. Іс-шараны Қазақстандағы Румыния елшілігінің қолдауымен «Дачия» румын мәдени қоғамы ұйымдастырды. 


Өзгелердің жаңалығы