Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағандыда көше атауларын өзгертуге қатысты қоғамдық тыңдау өтті. Талқылауға өңірдің мыңнан астам тұрғыны қатысты.
Халық дауысының нәтижесінде қаладағы он көшенің атауы өзгеретін болды. Бұған дейін Ленин атымен аталып келген орталық көше енді Абай атымен аталатын болады.Сонымен қатар, Приканальная - Сарыарқа, Кривогуза - Қасым Аманжолов көшесі, Защитная - Григори Потанин, Зональная - Александр Затаевич, Олипийская - Нарымбет Төлепов, Волочаевская - Камали Дүйсембеков, Кувская - Қазыбек Нұржанов, Нұржанов көшесі - Мерей, Аманжолов көшесі - Балқантау болып өзгертілді.
Тыңдау барысында Ленин атауын өзгертуге қарсылық білдіргендер де болды. Қаланың кейбір тұрғындары көше атауларын өзгертуге қыруар қаржы жұмсағанша, сол қаржыны жол жөндеу мен аялдамалар салу секілді мәселелерге жұмсауды ұсынды.
Мұндай ұсыныстан кейін қарағандылық кәсіпкер, "Нәтиже" компаниясының директоры Ерлан Әшімов бұл тарихи шешім екенін айта келе, көше атауларын өзгертуге кететін шығындарды толықтай өз есебінен өтеп беруге уәде берді.