Астана, baq.kz. Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында болған жол-көлік оқиғасына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл туралы Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
2019 жылдың 8 қаңтарында Республика-Шахтер даңғылдарының қиылысында 50 жастағы «НЕФАЗ» автобусының жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан 25-26 жас аралығындағы екі адамды қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан жәбірленушілер әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.