Қарағандыда анықталған 5 науқас марқұммен жақын қарым-қатынаста болған

4 Сәуір 2020, 11:15
1424
Бөлісу:
Қарағандыда анықталған 5 науқас марқұммен жақын қарым-қатынаста болған

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында 4 сәуір күні коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 5 оқиғасы тіркелді.

Науқастардың барлығы коронавирус індетінен қайтыс болған ер адаммен жақын қарым-қатынаста болған. Олар карантиндік стационарда жатыр. 

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, марқұммен жақын қатынаста болғандардың барлығы тәулікбойы карантинге оқшауландырылған. Олардың арасында 13 жастағы бала бар.
Қазіргі уақытта коронавирус індетінен қайтыс болған сырқатпен қарым-қатынаста болған 200-ден астам адам анықталған. Олар карантиндік және провизорлық госпиталдарға жатқызылған. Оқшауландырылғандарда вирустың бар-жоғын анықтау үшін зертханалық талдау алынған. Қайтыс болған сырқатпен қарым-қатынаста болғандарды анықтау үшін эпидемиологиялық тергеу жалғасып жатыр, - деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнұр Абдиева. 
Өзгелердің жаңалығы