Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда Wi-Fi тарататын орындықтар қайта іске қосылды. Қыста бұл орындықтар алынып тасталған болатын, ал қазір «Арбат» сауда үйінің алдындағы алаңға қайта орнатылды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Күн батареялары бар орындықтар 16 мамыр күні ауа температурасы қажетті деңгейге дейін қызған кезде қайтадан орнатылды.
Саябақтар мен гүлзарларды басқару қызметкерлері күн панельдерінің астында жиналған ылғалды кептіріп, электрониканы жөнге келтірді.
Құрылғы Wi-Fi таратады және сымсыз зарядтау функциясы арқылы жұмыс істейді. Бірақ USB қосқыштары алты орындықтың бірінде ғана сақталған. Қалғандарындағыларды бұзақылар сындырып тастаған.
Қазір орындықтар күннен қуат алады. Ол үшін бірнеше күн қажет.