Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандының оқу ордаларында мектепке дейінгі сыныптарға қабылдау жүргізілуде. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Мектепалды дайындық қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізетін 58 білім беру мекемелерінде ұйымдастырылды. Мектепке дейінгі сыныптарға 5 жастан 6 жасқа дейінгі 3200-ден астам бала бара алады. ҚР «Білім туралы» Заңының 30 бабына сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымдарында мектепалды даярлық тегін болады.
Ата-аналар мектеп әкімшілігіне өтініш берулері тиіс. Ол шүшін келесідей құжаттар қажет: баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі және денсаулық паспорты.
Мектепке дейінгі сыныптарда сабақтар күніне екі-үш сағат өтеді. Кестеге ұзақтығы 30 минуттан аспайтын үш-төрт сабақ кіреді.