Қарағанды облысының тауар өндірушілері бизнестің жаңа бағыттарын табуда

13 Тамыз 2020, 23:35
1660
Бөлісу:
Қарағанды облысының тауар өндірушілері бизнестің жаңа бағыттарын табуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дағдарыс жағдайында Қарағанды облысының отандық тауар өндірушілері бизнес үшін жаңа бағыттар табуда, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бірқатар кәсіпорындар барынша тез қайта бейімделді және пандемия уақытында қажетті тауарларды шығара бастады. Олар айналымдарын өсіріп, жаңа қызметкерлерді алып жатыр.

Мәселен, геомембрана, полиэтилен және полимер өнімдерінің отандық өндірушісі - "Холдинг Алтын Арна" ЖШС дезинфециялаушы кешендерді дайындауды меңгерді.

Дезинфекциялаушы кешен дезинфекциялаушы заттарды жоғары қысыммен бүркитін тозаңдатқышы бар сорғы станциясы орнатылған металл мен поликарбонаттан тұратын тоннелден тұрады. Механизм қозғалыс датчигінің арқасында жұмыс істейді. Қазір 10 тоннел дайын, - деді компания құрылтайшысы Ренат Минхаиров.
"UniFarm21" ЖШС компаниясы өткен жылдың қысында ашылды. Оның басшысы Наталья Алескерова басында бетперделер мен антисептиктер тапшы тауар болатынын тіпті ойламаған. Компания өндірісті орнату шешілген Саран қаласының, ал егер болып жатса, барлық облыстың тұрғындарының қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс болды.

Коронавирус сол сәтте Қытайда өршіп тұрды, оның Қазақстанға өтетін нақты қаупі болды. Алайда ол кезде бұл туралы кімде болса ойламаған шығар. Барлық жиынтықтаушыларымен жабдық көктемде келді. Бұл уақытта республикада ТЖ жарияланған болатын. Наурызда кәсіпорын бетперделер мен антисептиктер шығара бастады, - дейді Наталья Алескерова.
Бүгінде фармкомпаниямен шығарылатын өнім көлемі – күніне 200 мың бір рет қолданылатын бетперде. Саран кәсіпкерлері облыста алғашқылардың бірі болып жеке қорғаныш құралдарының өндірісін меңгерді.

Өңірдегі фармацевтика саласында облыстың медицина мекемелері мен бюджет ұйымдарына өз өнімін жеткізетін, дезинфекциялаушы заттардың тұтас спектрін өндіру бойынша кәсіпорын - "ГросФарм" ЖШС жұмыс істейді. Ол 100%-ға жүктелген.

Облыстың әлеуметтік белсенді кәсіпорны Қарағанды облысының ауруханаларын медициналық оттегімен қамтамасыз ететін – "Старплекс" ЖШС. Карантин жағдайында кәсіпорын 24/7 жұмыс режиміне ауысты.

Мамырда көп мәртелік бетперде өндірісіне жергілікті "Perfect Technology Style" ЖШС кірісті.

Көп мәртелік бетперделерді "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша қолдау есебінен "Бастау" жобасының түлектерімен ашылған шағын ательелер де тігеді.

"Avishu" ательесі дезинфекциялаушы кілемшелерді тігеді. Олар барлық меншік нысанындағы мекеме басшылары үшін міндетті талап болды. Бастапқыда нарықта тек ресей өнімдері болды, сондықтан қарағандылықтар бос тауашаларды алуға шешім қабылдады. Қазіргі уақытта үш мыңнан астам бұйымдар дайындалды.

 



Өзгелердің жаңалығы