Қарағанды облысында жылыту маусымына дайындық паспорты беріледі

6 Қыркүйек 2019, 18:11
1708
Бөлісу:
Қарағанды облысында жылыту маусымына дайындық паспорты беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жылыту маусымы қазан айында басталады. Жылыту жүйелерін қысқа дайындау ерекше бақылауда ұсталып отыр, деп хабарлады karaganda-region.gov.kz.


"Бүгінгі таңда тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандар 91% дайын, жоспар бойынша 95%. Саран мен Қарқаралы ауданы кестеден қалыс қалуда. Ақтоғай ауданына да жұмыстарды ширату қажет. Барлық қалалар мен аудандарда мемлекеттік мекемелер мен халық үшін көмір тасымалданады. Қажетті көрсеткіштің 80% қамтамасыз етілді", - деді Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов.

«Шұбаркөл көмір» разрезінен тәулігіне мың тоннадан астам көмір тиеледі. Егер сұраныс өссе, кәсіпорында тиеу көлемін екі есе арттыруды.

Теміртаудағы ЖЭО-2 үшінші турбинасында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. №4 қазандықта жөндеу кестеден ерте жүріп жатыр, жұмыстар уәде белгіленген мерзімнен 10 күн бұрын, қарашада аяқталады деп жоспарлануда.

Шет ауданының Ағадыр кентіне автономды жылыту жүйелерін жертөлелерден шығару жұмыстары жалғасуда. Қазір тұрғын үйлердің жанында орналасқан бес жаңа ДЖО-да қаңқалар мен жабдықтардың монтажы аяқталды. Қазан айының басында инженерлік желілер монтажын аяқтау жоспарлануда.

Облыста барлық қазандықтар жылу беру маусымына дайындық паспортын алады, деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Ермағанбет Бөлекпаев. Алыпсатарлыққа және бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу үшін, әкімнің орынбасары көмір бағасына үнемі мониторинг жүргізу қажеттігін атап өтті.

 


Өзгелердің жаңалығы