Қарағанды облысында шомылу маусымы басталғалы 26 адам құтқарылды

23 Шілде 2019, 14:58
1682
Бөлісу:
Қарағанды облысында шомылу маусымы басталғалы 26 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында шомылу маусымы басталғаннан бері су қоймаларында 26 адам құтқарылды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өткен демалыс күндері құтқарушылар суға батып бара жатқан 4 адамды құтқарып, жағаға жеткізді.

20 шілдеде Шерубай-Нұра су қоймасында акваторияны патрульдеу кезінде құтқарушылар жағадан алысқа жүзіп кеткен үш адамды анықтаған. Олар әбден әлсіреп, қайтып оралуға күштері жетпеген екен. ТЖ қызметінің мамандары адамдарды құтқару катерінің бортына көтеріп, жағаға жеткізді.

Сол күні Кеңгір су қоймасында өз-өзіне қол жұмсауға ниет білдірген әйел құтқарылды. Оны мамандар құтқару станциясына жеткізіп, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Құтқарушылар қала тұрғындарын демалыс кезінде келесідей қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:

- жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылмау;

- алкогольдік және есірткі заттарына мас болған күйде суға кіріп, шомылмауға;

- балаларды қараусыз қалдырмау;

- суға қайықтардан, катерлерден, кемелерден, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секірмеуге;;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды;

- жүзу шекарасын білдіретін белгілерден ары қарай жүзбеңіздер;

- жағалаудан алыс жүзбеңіздер, өз күшіңізді асыра бағаламаңыз;

- жүзуге арналмаған заттарда жүзбеуге;

- балаларға ересектерсіз суға кіруге болмайды;

- тәуліктің қараңғы уақытында шомылмау;

- жеке құтқару жабдықтарысыз жүзу құралдарына отырмау;

- су қоймаларын ластамау.

Өзгелердің жаңалығы